“ҮЕҰ академиясы” ҮЕҰ үшін оқыту курстарының басталғаны туралы хабарлайды

Жарияланған күні: 03.06.2021


Құрметті Қазақстанның Азаматтық сектор өкілдері!
“ҮЕҰ академиясы” жобасын іске асыру шеңберінде “Азаматтық бастама орталығы” қоғамдық бірлестігі ҮЕҰ үшін оқыту курстарының басталғаны туралы хабарлайды.
“ҮЕҰ өкілдері әлеуметтік жобалау, маркетинг, фандрайзинг негіздерін тегін оқуға, заң және қаржылық сауаттылық саласындағы өз білімдерін арттыруға, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік курсы шеңберінде өзінің әлеуметтік бизнес – моделін әзірлеуге мүмкіндік алады”, – деп хабарлайды “Азаматтық бастама орталығы”ҚБ.
Оқыту тренерлер мен Бағдарламаға қатысушылардың қарқынды өзара іс-қимыл режимінде өтеді. Оқу процесіне дейін және одан кейін нақты салалардағы білімді өлшеу және ақпаратты игеру деңгейін бағалау мәніне сауалнама жүргізіледі.
ҮЕҰ өкілдеріне арналған жалпы білім беру бағдарламасы үш айға созылады (15 маусымнан 15 қыркүйекке дейін).
Оқыту 8 модульден тұрады:
1. Жобаларды басқару
2. Әлеуметтік жобалау
3. Ақпараттық технологиялар
4. Маркетинг (оның ішінде сандық) / жарнама (оның ішінде сандық) / PR
5. Есеп жазу (шығармашылық және қаржылық)
6. Құқықтық және салықтық сауаттылық
7. Экономикалық және қаржылық сауаттылық
8. Фандрайзинг
Өткен оқыту қорытындысы бойынша курс тыңдаушылары ҮЕҰ академиясында оқудан өткені туралы сертификат алады.
Тіркелу сілтеме бойынша қолжетімді:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfD2kpG_wfDZwcUPao1tqqyAvZpLml0pInyaZ9IP14tOimY6g/viewform