ҮЕҰ академиясы қазақ тілінде оқытуды бастайды

Жарияланған күні: 26.07.2021


ҮЕҰ академиясы қазақ тілінде оқытуды бастайды!

Бүгін, 26 шілдеде ҮЕҰ академиясы қазақ тілінде білім беру бағдарламасын іске қосады. Оқыту бес модульден тұрады: экономикалық және қаржылық сауаттылық, заңгерлік және салықтық сауаттылық, жоба менеджменті/жобаларды басқару, Әлеуметтік жобалау және фандрайзинг.
Білім беру бағдарламасына тіркелу мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://taplink.cc/academy_npo.
ҮЕҰ академиясы жобасын “Азаматтық бастамалар орталығы” қоғамдық бірлестігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен іске асырады.