Талдықорғанда мүгедектігі бар адамдарға арналған интернет-радио пайда болады

Жарияланған күні: 12.05.2023


Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған интерактивті ақпараттық алаң мүмкіндігі шектеулі адамдарды белсенді қоғамдық, әлеуметтік өмірге тартуға бағытталған әлеуметтік жоба аясында құрылған.
Гранттық жобаны «Мейірім» мүгедектер қоғамдық бірлестігі жүзеге асыруда.
Қоғам белсенділерінің бастамасы бойынша радиода жүргізуші ретінде мүгедектегі бар азаматтар жұмыс істейтін болады.

«Біздің жоба ерекше қажеттіліктері бар адамдар өздерінің шығармашылық және кәсіби дағдыларын іске асыруына, жаңа білім алуына, қоғамның белсенді мүшесі болуына мүмкіндік беретін инклюзивті мәдени-ақпараттық кеңістікті дамыту мақсатында құрылған», – дейді жоба өкілі Кристина Романчевская.

Радиобағдарламалар қоғамдық бірлестіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында қолжетімді болады. Инклюзивті интернет-алаңдағы бағдарлама жүргізушілері мен қонақтары ең өзекті мәселелерді талқылап, Жетісу облысының мүгедектігі бар тұрғындарының табысты оқиғаларымен бөліседі.
Сондай-ақ, әлеуметтік жоба шеңберінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға консультациялық қызметтер көрсетіліп, тренингтер өткізіледі.
Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен осы жылдың қыркүйегіне дейін іске асырылмақ.