Жарияланған күні: 24.07.2024
“Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КеАҚ кеңсесінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлескен жиын өтті. Шараға орталықтың басшылығы мен қызметкерлері және ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Іс-шара ұжымда этикалық нормаларды күшейту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбына арналды.
Шара барысында Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің превенция басқармасының аға офицері Гүлназ Сағандықова барлық деңгейлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді тетіктерін дамыту және енгізу мәселесіне ерекше назар аудару қажеттігін атап айтты. Сондай-ақ, спикер сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі аспектілері туралы баяндады.
Гүлназ Слямқызы күнделікті қызметте этикалық стандарттарды күшейту және ұжымдағы комплаенс-қызметінің жұмысын жетілдірудің маңыздылығына тоқталды. Баяндамашының айтуынша, ұжымда ортақ мақсатта құрылған қауіпсіз орта сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрес жолындағы маңызды қадам болмақ.