Жарияланған күні: 02.06.2021
Бүгін, 2 маусымда Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ұжымы “Адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің басшысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Тимур Жұмырбаевпен кездесті.
Кездесу барысында Т.Жұмырбаев жобалық кеңсенің қызметі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы айтып берді.
Сондай-ақ, Т.Жұмырбаев сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу бойынша орталықтың грант алушылармен қызметін және конкурстық рәсімдерге айқындық пен ашықтық тетіктерін енгізу жұмыстарына, ҮЕҰ-мен және өзге де қазақстандық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылдың сапалы жұмысын атап өтті.
Спикер Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қаупін барынша азайтуға арналған жоспарлы жұмыстарға ерекше назар аударды.
Кездесу соңында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қызметкерлері сұрақтар қойып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыру тетігін талқылады.