Қағидалардың 36, 37 және 39-тармақтарында көзделген талаптарға және «Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы» ММ бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2024 жылға арналған басым бағыттарының тізбесіне сәйкестікке өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша ҚОРЫТЫНДЫ ТҰЖЫРЫМДАУ.
2024 жылғы 23 ақпанда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) жариялаған Үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ) үшін «Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы» ММ 2024 жылға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 18 ҮЕҰ-дан 38 өтінім түсті, оның 19-ы мемлекеттік тілде және 19-ы орыс тілінде.
Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 15 наурызда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18-30-да аяқталды.
Ағымдағы жылғы 02 сәуірде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына және Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:
1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне;
2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне;
3) өтініш берушінің жарғылық мақсатының мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкестігіне;
4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтердің болуына;
5) өтініш берушінің тарату процесінде болу/болмауына;
6) өтініш берушінің банкрот деп танылу/танылмауына;
7) өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар/жоқтығына;
8) өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу/болмауына;
9) өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынған/салынбағанына;
10) өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатылған/ тоқтатылмағанына;
11) өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылу/табылмауына;
12) берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген/енгізілмегеніне тексеру жүргізілді.
Қағидалардың 40-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.
Конкурсқа қатысуға жіберілген ҮЕҰ өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды сараптама комиссиясы жүзеге асырады.
Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Оператор келесідей шешім қабылдады:
1) мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:
№ | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Грант түрі | Ұйым атауы |
1 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Жастар арасында нашақорлық пен лудоманияның алдын алу | қысқа мерзімді | «Алтын орда» қайырымдылық қоғамдық қоры |
2 | «Медицина жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі | |||
3 | «Сергали-Туркестан» аймақтық қоғамдық бірлестігі | |||
4 | «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық ойындарын ұйымдастыру | қысқа мерзімді | «Алтын орда» қайырымдылық қоғамдық қоры | |
5 | «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы» РҚБ | |||
6 | Маргиналды жастарға арналған «Жаңа өмір» жобасын ұйымдастыру | қысқа мерзімді | «Эра-KZ» қоғамдық бірлестігі | |
7 | «Қорған-М» қоғамдық бірлестігі | |||
8 | «Сергали-Туркестан» аймақтық қоғамдық бірлестігі | |||
9 | Азаматтық қоғамның дамуына, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу | «Азаматтық қоғамды дамытудың Жол картасы» шеңберінде ҮЕҰ үшін ресурстық орталықтың қызметін ұйымдастырудың әлеуметтік жобасы | қысқа мерзімді | Обьединение юридических лиц «Гражданский Альянс города Шымкент» |
10 | Общественное объединение «Жалында Жастар» | |||
11 | «Азаматтық қоғамды дамытудың Жол картасы» шеңберінде ҮЕҰ үшін ресурстық орталық базасында оқыту іс-шараларын ұйымдастыру | қысқа мерзімді | «Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі | |
12 | «Жалында Жастар» қоғамдық бірлестігі | |||
13 | Азаматтық қоғам және жергілікті басқару жобасы | қысқа мерзімді | «Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі | |
14 | «Жалын жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі | |||
15 | «Basqary» қоғамдық қоры | |||
16 | Зерттеушілердің әлеуетін тарту арқылы қоғамдық-саяси жағдайды және өзекті мәселелерді анықтауға арналған Шымкент қаласының әлеуметтік жобасы | қысқа мерзімді | «Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі | |
17 | Білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу | «Зияткерлік ұлт» танымдық әлеуметтік жобасы | қысқа мерзімді | «Алтын орда» қайырымдылық қоғамдық қоры |
18 | «Жалын жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі | |||
19 | «Болашақ Қазақстанға» қоғамдық студенттік бірлестігі | |||
20 | Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша «Fitness Park KZ» жобасын іске асыру | қысқа мерзімді | «Сергали-Туркестан» аймақтық қоғамдық бірлестігі | |
21 | «Алтын орда» қайырымдылық қоғамдық қоры | |||
22 | Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу | Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру | қысқа мерзімді | «Сергали-Туркестан» аймақтық қоғамдық бірлестігі |
23 | Гендерлік саясат және әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру | қысқа мерзімді | «Алтын орда» қайырымдылық қоғамдық қоры | |
24 | Елдің қоғамдық-саяси өміріндегі әйелдердің рөлін ілгерілету жөніндегі әлеуметтік жобаны іске асыру | қысқа мерзімді | «Алтын орда» қайырымдылық қоғамдық қоры | |
25 | Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау | Қаржылық сауаттылықты дамыту жөніндегі «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы | қысқа мерзімді | «Эра-KZ» қоғамдық бірлестігі |
26 | «Сергали-Туркестан» аймақтық қоғамдық бірлестігі |
2) төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беру конкурсына қатысудан бас тарту туралы (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):
№ | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Грант түрі | Ұйым атауы | Бас тарту себептері |
1 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Жастар арасында нашақорлық пен лудоманияның алдын алу | қысқа мерзімді | «AUEZOV JASTARY» қоғамдық қоры | Өтінім беру кезінде ұйымның шешілмеген атқарушылық іс жүргізуі бар болды |
2 | «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық ойындарын ұйымдастыру | қысқа мерзімді | «AUEZOV JASTARY» қоғамдық қоры | Өтінім беру кезінде ұйымның шешілмеген атқарушылық іс жүргізуі бар болды | |
3 | Маргиналды жастарға арналған «Жаңа өмір» жобасын ұйымдастыру | қысқа мерзімді | «Serik-bol invest» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі | ҮЕҰ дерекқорында ұйымның тіркелгені туралы мәліметтер жоқ | |
4 | Білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу | «Зияткерлік ұлт» танымдық әлеуметтік жобасы | қысқа мерзімді | «AUEZOV JASTARY» қоғамдық қоры | Өтінім беру кезінде ұйымның шешілмеген атқарушылық іс жүргізуі бар болды |
5 | «STUDY LENGER» ЖШС | ҮЕҰ дерекқорында ұйымның тіркелгені туралы мәліметтер жоқ | |||
6 | Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша «Fitness Park KZ» жобасын іске асыру | қысқа мерзімді | «AUEZOV JASTARY» қоғамдық қоры | Өтінім беру кезінде ұйымның шешілмеген атқарушылық іс жүргізуі бар болды | |
7 | «XIII Legion салауатты өмір салтын дамыту қоры» қоғамдық қоры | ҮЕҰ дерекқорында ұйымның тіркелгені туралы мәліметтер жоқ | |||
8 | Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу | Гендерлік саясат және әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру | қысқа мерзімді | «AUEZOV JASTARY» қоғамдық қоры | Өтінім беру кезінде ұйымның шешілмеген атқарушылық іс жүргізуі бар болды |
9 | Елдің қоғамдық-саяси өміріндегі әйелдердің рөлін ілгерілету жөніндегі әлеуметтік жобаны іске асыру | қысқа мерзімді | «AUEZOV JASTARY» қоғамдық қоры | Өтінім беру кезінде ұйымның шешілмеген атқарушылық іс жүргізуі бар болды | |
10 | «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы | Өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді | |||
11 | «Бақытты әйел» республикалық әлеуметтік даму орталығының жеке қоры | ҮЕҰ дерекқорында ұйымның тіркелгені туралы мәліметтер жоқ | |||
12 | «Шымкент қаласы бойынша Әйелдер күштері альянсы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі | ҮЕҰ дерекқорында ұйымның тіркелгені туралы мәліметтер жоқ |