Жарияланған күні: 22.02.2024
Орталық алғаш рет республикалық маңызы бар қала тапсырыс беруші болып саналатын гранттық конкурс жариялайды. Жалпы сомасы 105 558 000 теңге құрайтын 13 қысқа мерзімді грантты Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасы ұсынады.
Грант 5 саланы қамтиды. Үкіметтік емес ұйымдардың жобалары 13 басым бағыт бойынша жүзеге асырылады, олардың ішінде:
- жастар арасында нашақорлық мен құмар ойындарына тәуелділіктің алдын алу;
- жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және отбасылық құндылықтарды нығайту;
- қоғамдағы және елдің қоғамдық-саяси өміріндегі әйелдердің рөлін арттыру;
- қаржылық сауаттылықты дамыту және т.б. кіреді.
Оператор өтінімдерді 15 жұмыс күні ішінде 23 ақпан мен 15 наурыз аралығында (Астана уақыты бойынша) сағат 18:30-ға дейін қабылдайды.
Конкурстық өтінімдер uvp.dm-shymkent@cisc.kz электрондық поштасы арқылы, сондай-ақ қолма-қол/пошта жөнелтілімімен келесі мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, 5 қабат, 504/1 кабинеті.
* Құрметті ҮЕҰ өкілдері, конкурс шарттарымен, қажетті құжаттар тізімімен, сондай-ақ басым бағыттар тізбесімен мұқият танысуларыңызды сұраймыз! Толық ақпаратпен және конкурстық құжаттама бойынша ақпаратты мына жерден, сондай-ақ менеджерлерден алуға болады: +7705 247 47 22, +7 7172 79-08-03.