Риддерде инклюзивті балалар шығармашылығы орталығы ашылды

Жарияланған күні: 25.04.2023


Орталықта түрлі бағыттар бойынша шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік беретін үйірмелер ұйымдастырылған, деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.

«Благодарую» инклюзивті орталығы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жоба аясында инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ата-аналар мен педагогтер қауымдастығының құзіреттілігін арттыру мақсатында ашылды.
«БлагоДарую» қоғамдық қорының басшысы Елена Гречишкинаның айтуынша, мұндай орталық Риддерде бұрын-соңды болмаған.
«Біздің шығармашылық шеберханаларымызда мүгедектігі бар балалар үшін арт-терапия, ойын, құм, терапиясы шығармашылық сабақтар өткізіледі. Жаңа орталық қызметінің негізгі міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақтың бойында инклюзивті мәдениетті қалыптастыру», – дейді Елена Гречишкина.
Орталықта белгілі болғандай, жаңа мекеме ерекше білімді қажет ететін жиырмадан астам баланы, соның ішінде, жетім балаларды, аз қамтылған және көп балалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларды қабылдай алады. Жоба аясында балаларға дефектолог, логопед, психоло г сияқты мамандар мен еріктілер көмек көрсетеді.

Елена Гречишкинаның айтуынша, жоба аясында мүгедектігі бар Риддер қаласының тұрғындарына да көмек көрсетіледі. Қоғам белсенділері ерекше қажеттіліктері бар ересектерге түйіндеме жасауға, электрондық еңбек биржасының ресурстарында жұмыс істеуді үйретеді, сондай-ақ, әңгімелесуден өту барысында өзін-өзі ұстау жөніндегі ұсыныстар бермек.

Әлеуметтік жоба осы жылғы қыркүйек айының соңында аяқталады.