Құрметті ҮЕҰ өкілдері, ағымдағы жылдың 1 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 16:00-де Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында «Шелл Қазақстан» компаниясы демеушілік ететін «EcoBatys» әлеуметтік жобасы шеңберінде экологиялық бастамаларды іске асыру мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік емес гранттарды ұсыну жөніндегі конкурстың сараптамалық комиссиясының отырысы өтеді.
Іс-шараға сараптама комиссиясының мүшелері қатысады. Отырыста сарапшылар конкурстың бірінші кезеңінің қорытындылары және екінші кезеңге өткен ҮЕҰ-ның тізімін жарияламақ.
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Facebook-тегі парақшасында іс-шарадан хабар нақты уақыт режимінде таратылатын болады.
#CISCkz #ЦПГИкз #Shell