Құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлері қайғылы оқиғаларды объективті тергеп, заң бұзушылыққа жол бермейтін болады.
Бұл туралы ОКҚ алаңындағы брифингте Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.
Оның айтуына қарағанда, зардап шеккен адамдар мен бизнес объектілеріне қатысты оқиғаларды тергеу шараларына ерекше көңіл бөлініп отыр.
Арнайы және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне жедел шара қолдану мақсатында, еліміздің барлық өңірлерінде арнайы мобильді топтар құрылған.
Сондай-ақ, ведомствоның ресми «prokuror.gov.kz» сайтында қосымша ретінде Бас және облыстық прокуратуралардағы кезекші прокурорлардың телефондары жарияланды.
Азаматтардың «STOPTERRORISM.KZ» ресми сайтына жолданған бейне жазбалары, оқиғалардың мән-жайын анықтауға елеулі көмек көрсетуде.
Қатыгездікпен қараудың, сондай-ақ медициналық көмекті көрсетпеудің ықтимал жағдайларын тәуелсіз тексеру мақсатында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және адам құқықтарын қорғау жөніндегі басқа да ұйымдардың қызметкерлеріне заң бұзу фактісіне күдікті азаматтар орналасатын мекемелерге кіруге рұқсат берілген.
Бұдан басқа, Бас прокуратура республикалық адвокаттар алқасымен бірлесіп, заңгерлердің көмегін уақытылы көрсету және қорғаушылардың мекемелерге кіруіне қатысты мәселелерді шешті.
Бүгінге, прокуратура органдарына істерді тергеу барысында полиция қызметкерлерінің азаматтарды азаптау, олардың құқықтарын бұзу деректері бойынша 91 шағым түскен.
Жалпылай алғанда, соттар қаңтардағы оқиғаларға қатысты 9213 әкімшілік істі қарады.
Сот шын ниетпен өкіну және жазаны жеңілдететін жайлардың болуын ескеріп, 4561 тұлғаға тек ескерту жасады.
Прокурорлардың өтінішхаттарымен 1083 адам қамаудан босатылып, 490 іске қатысты айыппұл ретінде қолданылуы тиіс жаза ескертуге ауыстырылды, 386 әкімшілік істі тергеу шаралары құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты толығымен тоқтатылды.
Қазіргі уақытта 362 адам әкімшілік қамаққа алынып, 1245 тұлғаға қатысты айыппұл түріндегі жаза қолданылды.
Сонымен бірге, соттардың қарауында әкімшілік жазаны жеңілдету туралы прокурорлардың 298 өтінішхаты жатыр.