Жарияланған күні: 17.03.2022
АҚШ-тың Нұр-сұлтан қаласындағы Елшілігі және АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығы жанындағы АҚШ Мемлекеттік департаментінің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімдері (PAS) Елшіліктің жыл сайынғы Шағын гранттар бағдарламасы шеңберінде қаржыландыруға өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
10 000-нан 50 000 АҚШ долларына дейінгі гранттарға өтінімдерді мынадай басым бағыттар бойынша беруге болады:
- Вакциналарға сенімсіздік пен COVID-19 туралы жалған ақпаратқа қарсы тұру;
- Метан шығарындыларын азайту арқылы климаттың өзгеруіне қарсы күрес;
- Ауылдық жерлерде азаматтық қоғамның жұмысын нығайту.
Байқаудың мақсаты: Мынандай бағыттарға байланысты:
– ауылдық және қазақ тілді қоғамдастықтарға ерекше назар аудара отырып, COVID-19 және вакциналар туралы шынайы ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту жолымен дезинформацияға қарсы іс-қимыл;
– климаттың өзгеруіндегі метанның рөлін түсінуді арттыру, бизнеске шығарындыларды қысқартуға көмектесетін бағдарламаларды қолдау және Қазақстанның метан бойынша Жаһандық міндеттемелерге қосылуына қоғамдық қолдауды ұлғайту есебінен Қазақстандағы метан шығарындыларын азайту;
– жергілікті проблемаларды және оларды практикалық шешу тәсілдерін жақсы түсінуге көмектесу үшін азаматтық қоғамның күш-жігері арқылы Қазақстандағы ауылдық қоғамдастықтарды қолдау.
Конкурс шарттары: Өтінімдер қазақстандық коммерциялық емес ұйымдардан, азаматтық қоғам ұйымдарынан / үкіметтік емес ұйымдардан қабылданады.
Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2022 жылғы 31 наурыз
Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша табуға болады: https://kz.usembassy.gov/kk/education-culture-kk/grants-kk/nofo-aps-kaz/small-grants-program-kz/