ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және ҮЕҰ өкілдерімен – ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттың үшінші және төртінші конкурсының жеңімпаздарымен кездесу

Жарияланған күні: 19.08.2021


Бүгін, 19 тамызда Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және ҮЕҰ өкілдерімен – ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттың үшінші және төртінші конкурсының жеңімпаздарымен кездесу өтті.
Іс-шараға Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, оның орынбасары Гүлбара Сұлтанова, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы Лима Диас және 15-тен астам ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Осы іс-шара барысында тараптар бір-бірімен танысып, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша өз тәжірибелерімен алмасып, пікірлерімен бөлісті, сондай-ақ өз қызметтері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы М. Қожахметтің айтуынша, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру тек “қағаз жүзінде”ғана болмауы тиіс. Ең бастысы – жобалардың нақты орындалуы мен жобаға қатысушылардың арасындағы өзара іс-қимылды арттырудың маңызы зор.
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы Л. Диас Орталық тарапынан жобаларды іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетілетінін хабарлады: «Біз ҮЕҰ және АҚДМ мен өзара бірлесе жұмыс істеу арқылы ҮЕҰ-дың жобаны барынша тиімді іске асыруына көмектесеміз.
Біздің мақсатымыз-жобаларды қоғам үшін барынша тиімді және пайдалы ету. Сондықтан біз ҮЕҰ-ын оқытуға, коммуникациялық дағдыларын дамытуға және кеңес беруге көп уақытымызды бөлеміз».