Қостанай облысында ҮЕҰ-ға арналған идеялар мен жобалар жәрмеңкелері өткізіледі

Жарияланған күні: 22.05.2023


Жәрмеңкелер аясында ҮЕҰ өкілдерін оқыту, қоғамдық ұйымдар идеяларының тұсаукесері өтеді. Іс-шараға қатысушылар идеялардың үздігін таңдайды.
Идеялар мен жобалар жәрмеңкелерін Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық жобасы аясында «ГриН» Қостанай облысының Азаматтық Альянсы ұйымдастырады.
Жоба әлеуметтік саладағы жұмыс дағдыларын арттыру және азаматтық бастамаларды дамыту арқылы ауылдық ҮЕҰ тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

«Идеялар мен жобалардың бірінші жәрмеңкесі Федоров, Қарабалық, Қостанай, Ұзынкөл және Меңдіқара аудандарының тұрғындары үшін ұйымдастырдық. Іс-шара аясында оқыту іс-шараларын, семинарлар мен тренингтерді өткіздік. Әрі қарай жергілікті мәселелерді шешу мақсатында өтінімдерді іріктеу және жобаларды қорғау өтеді. Ең үздік жобаны жәрмеңке қатысушылары өздері таңдайды. Тұтастай алғанда, Қостанай облысында 4 ҮЕҰ-ның жобасын шағын грант арқылы қолдаймыз. Әр гранттың сомасы 500 мың теңгені құрайды», – деді жоба менеджері Егор Анненков.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба ҮЕҰ басшылары мен бастамашыл топтардың біліктілігін арттыруға және кәсіби дағдыларын жақсартуға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынш осы жылдың қарашасына дейін іске асырылады.