Жарияланған күні: 04.02.2022
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен 2021 жылы еліміздің 17 өңірінде 298 шағын гранттық жоба іске асырылды.
Шағын гранттар бағдарламалары ауылдық бастамаларды қолдауға, мәдени-тарихи мұраны сақтау және дамыту, тарихи-мәдени ескерткіштер мен мемориалдық кешендерді қалпына келтіру және сақтау, жоғалған адамдарды іздестіру жөніндегі жобаларға волонтерлерді тартуға және басқа да маңызды міндеттерді орындауға бағытталды.
Шағын гранттар мөлшері 500 мың – 1 млн теңгені құраған болатын.
Шағын гранттар белсенді ҮЕҰ мен бастамашыл топтарға маңызды әлеуметтік жобаларды іске асыруға мүмкіндік берді. Мемлекеттің қолдауының арқасында кейбір азаматтар қолөнер шеберханасын ашу, жылыжай жұмысын іске қосу, ветеринариялық қызметтер көрсету сияқты өз армандарын жүзеге асыра алды.