Қоғамдық бақылау: Нұсқаулық жобасына ұсыныстар

Жарияланған күні: 17.01.2025


Бірыңғай грант операторы, ашықтықты арттыру және азаматтық қоғаммен өзара әрекет ету механизмдерін жақсарту мақсатында, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» қызметін жүзеге асыру кезінде қоғамдық бақылау субъектілерімен өзара әрекеттесудің ішкі нормативтік құжатының жобасын – «Қоғамдық бақылау субъектілерімен өзара әрекеттесудің нұсқаулығын» әзірледі, ол Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бақылау туралы» Заңына сәйкес қоғамдық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі басшылыққа арналған.

Құжат Орталықтың қоғамдық бақылау субъектілерімен өзара әрекеттесу тәртібін белгілейді, бұл тәртіп Орталық актілерін және шешімдерін қоғамдық мүдделерге сәйкестігін талдап, бағалауға бағытталған.

Біз ұсынылған құжатқа енгізілетін өзгерістер бойынша сіздердің пікірлеріңізге ашықпыз. Өз пікірлеріңізді kalymov.r@cisc.kz электрондық поштаға жіберуге болады, хаттың тақырыбында «Нұсқаулық жобасына ұсыныстар» деп көрсетуіңізді сұраймыз.

⚡ Ұсыныстарды беру мерзімі: 2025 жылғы 22 қаңтарға дейін

Құжаттар