Жарияланған күні: 04.05.2023
Іс-шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Экологиялық мәдениеттілікті көтеру жөніндегі кешенді шаралар және жастар мен балаларға қолайлы эко-жағдай жасау» гранттық жобасының шеңберінде өткізілді деп, хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.
Қостанай облысының Әулиекөл ауданында тілсіз жау шарпыған орман аумағында ағаш отырғызу акциясы өтті. Іс-шараны «Қазақстанның экологиялық қоры» ҚҚ ұйымдастырды.
Науқанға жергілікті атқару органдары, аудан тұрғындары қатысты.
«Ормандарды сақтау және қалпына келтіру, қалалық жасыл аймақтарды абаттандыру, экологиялық білім беру және Қазақстанның жасыл қорын қалпына келтіру жөніндегі жобаларға бизнес ресурстарын тарту – біздің қорымыздың маңызды міндеттерінің бірі. Бүгін біз табиғат пен экожүйені қорғауға өз үлесімізді қосып, солтүстік өңірлердің климаттық жағдайында оңай тамыр жаятын ағаш көшеттерін отырғызуды ұйғардық»,-деді «Экологиялық мәдениеттілікті көтеру жөніндегі кешенді шаралар және жастар мен балаларға қолайлы эко-жағдай жасау» жобасының үйлестірушісі Камарья Жазбаева.
Акция барысында қоғам белсенділері 500-ден астам қарағай, алма, ақ тал, татар татайы, қарағаш, мойыл, дөңгелек жапырақты ырғай көшеттерін отырғызды.