Қазақстанның қарттар үйінде сауалнамаға қатысқан қызмет алушылардың көбі көрсетілген әлеуметтік қызметтердің сапасына қанағаттанады

Жарияланған күні: 02.11.2021


«Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру шеңберінде Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Мархабат.KZ» мүгедектер қоғамы» ҚБ әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінде егде жастағы адамдарға күтім жасау бойынша көрсетілетін қызметтерге қанағаттанушылықты талдау шеңберінде социологиялық зерттеу жүргізді.

Бүгінгі таңда «Мархабат.KZ» мүгедектер қоғамы» ҚБ-мен арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін 34 орталықта мүгедектігі бар егде адамдар мен адамдардың қатарынан қызмет алушыларға сұрақтар қойылды. Зерттеу Қазақстанның барлық 17 облысында талдау сауалнамасы әдісімен өткізілді. «Мархабат.KZ» мүгедектер қоғамы» ҚБ төрағасы Дархан Сағдолдин атап өткендей, жүргізілген талдау шеңберінде зерттеудіің мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, ұйымдарда көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасына сауалнамаға қатысқандардың 99% қанағаттанатыны анықталған.

«Жалпы, еңбекті ұйымдастыру сапасы жұмыстың жекелеген түрлерінің режимі мен бөлінісіне ғана емес, клиенттерге күнделікті қарым-қатынасқа байланысты екенін атап өту керек. Респонденттердің жауаптарынан байқалғандай, олардың 98% мекеменің материалдық-техникалық базасына қанағаттанады. Осылайша, сауалнамаға қатысқандардың көбі мамандандырылған қызметтерді көрсететін мекемелерде өздерін айтарлықтай жайлы әрі ыңғайлы сезінеді деп айтуға болады. Мекемелерде көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасына респонденттердің 99% қанағаттанады», – деді Дарын Сағдолдин.

Оның айтуынша коммуникативті құзіреттілік басшының маңызды кәсіби құзыреттілігінің негізі болып саналады, сонымен қатар, әңгімелесудің өзі егде адамдарға орасан зор ықпал ететінін, олардың көңіл-күйіне жақсы әсер ететінін атап өту маңызды, бұл өз кезегінде арнайы қызмет көрсететін мекемедегі пациенттердің психологиялық және эмоционалдық жай-күйіне оң әсерін тигізеді.

«Зерттеу шеңберінде біз респонденттердің әлеуметтік қызметтерді көрсету кезінде персоналдың құзыреттілігіне (кәсібилігіне) қаншалықты қанағаттанатынын білдік. Егер олардың 98% персоналдың құзыреттілігіне қанағаттанатынын атап өтсе, сауалнамаға қатысқандардың 1% қанағаттанбайды және респонденттердің тағы 1% жауапта өз нұсқасын көрсеткен», – деді «Мархабат.KZ» мүгедектер қоғамы» ҚБ төрағасы.

Дарын Сағдолдин сондай-ақ зерттеу іс-шаралары барысында көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттану мәселесі де зерттелгенін атап өтті.

«Аталған талдау жұмыстары көрсеткендей, респонденттердің 90% көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына қанағаттанады; 9% ішінара қанағаттанса, 1% өзінің қанағаттанбайтынын білдірді», – деді ол.

Сонымен қатар «Мархабат.KZ» мүгедектер қоғамы» ҚБ жүргізген әлеуметтік зерттеу тамақтандыруды ұйымдастыруға қанағаттану деңгейінен, мекемеде өткізілетін мәдени іс-шаралардың сапасы мен санынан да тұрған.

Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми мәліметіне сәйкес, 2021 жылдың 1 қаңтарында елде 7 мың адамның қамтылуымен егде адамдар мен 1 және 2 топтағы мүгедектер үшін стационардық типтегі медициналық-әлеуметтік 45 мекеме жұмыс істейді.

Еске сала кетсек, «Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасы шеңберінде жыл соңына дейін республикада егде адамдар мен ерекше қажеттілігі бар тұлғаларға ұзақ мерзімді күтім жасау жүйесінің әдістемесі құрылады. Дайын құжат Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне тапсырылады.