Қазақстандықтар әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешу үшін ҮЕҰ-ның әлеуметтік жобаларының тақырыптарын қалыптастыруға атсалыса алады

Жарияланған күні: 20.06.2022


Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына арналған электрондық платформа Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ресми сайтында құрылады.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жобасын іске асыру шеңберінде АБҚО ресми сайтында қазақстандықтарға өзекті мәселелерді шешу бойынша өтініштер мен ұсыныстар енгізуге мүмкіндік беретін «Birgemiz» краудсорсингтік платформасын іске қосады.

Ұсыныстарды жинау ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін жалғасады. Бұдан әрі халықтың қажеттіліктеріне сәйкес келетін ұсыныстар егжей-тегжейлі талданып, мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.

АБҚО ресми интернет-ресурсына сілтеме: https://cisc.kz/kk/15062022