Қазақстандық дағдарыс орталықтарының қызметкерлері психологиялық тренингтерден өтті

Жарияланған күні: 02.08.2022


 Еліміздің әр өңіріндегі дағдарыс орталықтарының 50-ден астам маманы кәсіби құзыреттіліктерін арттырды, деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.

«Жария» халықаралық орталығы» ҚҚ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша АБҚО қолдауымен гранттық жобаны жүзеге асыру аясында іс-шаралар кешенін ұйымдастыруда.

«Бізде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істейтін дағдарыс орталықтарының психологтарына арналған тренингтер өтті. Курстар мамандардың біліктілігін арттыру, сондай – ақ психологиялық және кәсіби жұмыстан шаршаудың алдын алу мақсатында өткізілді», – дейді қоғамдық қордың атқарушы директоры Айсұлу Булатбекова.

Онлайн-форматта дағдарыс орталықтарының 50-ден астам маманы оқытылды.

Психологтардан бөлек тренингтерге дағдарыс орталықтарының басшылары мен әлеуметтік қызметкерлер қатысты. Жоба жетекшісінің айтуынша, оқыту қосымша кәсіби білім мен практикалық жұмыс дағдыларын арттыруға мүмкіндік береді.

«Әлеуметтік қызметкерлер тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен қарым-қатынаста көптеген әдістерді қолдана алады. Белгілі бір критерийлер мен қылықтарға қарап олар адамның қандай эмоционалды күйде екенін және оған қандай көмектің қажет екенін түсіне алады. Бұған дейін тыңдаушылар көптеген нюанстарды білмеді. Енді олар алған білімін іс жүзінде пайдалана алады», – дейді Айсұлу Булатбекова.

Жоба шеңберінде басқа да оқыту іс-шаралары өткізіліп жатыр.

Қоғам белсенділері жас қазақстандықтарға арналған өзекті тақырыптарды ашатын бейне-подкасттар сериясын түсіруді қолға алды. Мамандар қарым-қатынасты қалай құру керектігі, некені құрмас бұрын қандай ерекшеліктерге мән беру керектігі, отбасылар күнделікті өмірде қандай нюанстарды ескеруі қажеттігі туралы тақырыптарды қозғайды. Подкасттарды You Tube-тағы «Baqytty Zhanya» арнасы арқылы тамашалауға болады: youtube.com/channel/UCa3oD209IIY0_O6K14wKmqQ.

Сондай-ақ, психологтар жастарға отбасылық құндылықтарды нығайту тақырыбында семинарлар мен дәрістер өткізеді. Мамандар барлығына, онлайн және офлайн форматта қол жетімді болатын пайдалы және қажетті ақпаратты дайындайды.