Қазақстанда ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс басталды

Жарияланған күні: 11.01.2024


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша 2024 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттар беруге конкурстың басталғанын хабарлайды.

Конкурстың шарттары бойынша қатысушылар жобаларын 3 сала бойынша ұсына алады:

  • халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;
  • азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу;
  • қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту.

Конкурс аясында үкіметтік емес ұйымдарға 20 қысқа мерзімді грант, 2 орта мерзімді грант және 1 ұзақ мерзімді грант беру көзделген.

Қысқа мерзімді және орта мерзімді гранттарға өтінімдер Операторға  11 қаңтар мен 31 қаңтар аралығында 18.30-ға дейін (Астана уақыты бойынша), ұзақ мерзімді гранттарға – 11 қаңтар мен 14 ақпан аралығында 18.30-ға дейін (Астана уақыты бойынша) енгізіледі.

Конкурстық өтінімдер grants@cisc.kz электрондық поштасы арқылы, сондай-ақ қолма-қол/пошта жөнелтілімімен келесі мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, 5 қабат, 504/1 кабинеті.

Конкурс жеңімпаздарын тәуелсіз сараптама комиссиясы анықтайды.

Толық ақпаратпен және конкурстық құжаттама бойынша ақпаратты мына жерден, сондай-ақ менеджерлерден алуға болады: +7705 247 47 22, +7 7172 79-08-03