Жарияланған күні: 27.04.2022
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында «Parasat Ideas» ұлттық диалог платформасының онлайн презентациясы өтті. Гранттық жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы аясында жүзеге асырылады.
Жобаны ойнлайн форматта таныстырған ұйымдастырушылар жаңа коммуникациялық алаңда әлеуметтік-экономикалық саладағы өзекті мәселелер талқыланатынын айтты.
«Жоба аясында біз сарапшылар клубын құрамыз. Бұл «Parasat Ideas» алаңындағы ашық диалог форматы ең өзекті мәселелердің тиімді шешімін табуға мүмкіндік береді. Біз тікелей эфирлер, вебинарлар өткізіп, бейнероликтер, әдістемелік материалдар, жарияланымдарды дайындаймыз», – деп атап өтті «Parasat Ideas» Ұлттық сараптамалық диалог платформасы» жобасының жетекшісі Арман Мақсұт.
Ашықтықты қамтамасыз ету үшін жаңа алаңға қоғам қайраткерлері, сарапшылар, саясаттанушылар шақырылатын болады.
Диалог алаңы шеңберінде іс-шаралар өткізу азаматтық қоғамдағы ең өзекті мәселелерден неғұрлым көп қазақстандықтың хабардар болуына септігін тигізеді деп күтілуде.
Сондай-ақ, қоғам белсенділері онлайн және офлайн форматта республикалық форумдарды, өңірлік жас сарапшыларға бірқатар оқыту шарасын өткізуді жоспарлап отыр.