Қазақстанда «Aqyl Battle» республикалық куиз лигасы басталды

Жарияланған күні: 25.04.2023


«Aqyl Battle» – 14-35 жас аралығындағы жастар арасында мемлекеттік тілде жүргізілетін заманауи зияткерлік командалық ойын.
Турнир үш кезеңде өткізіледі: бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік онлайн турнир – «Aqyl Battle» мобильді қосымшасындағы өңірлік іріктеу; екінші кезең (іріктеу) – өңірлік оффлайн турнирлер; үшінші кезең – «Aqyl Battle Cup» республикалық сайысының финалы.

Бүгін ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ-де ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыру туралы» баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шара барысында ҚР АҚДМ вице-министрі Евгений Кочетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев, сонымен қатар «Aqyl Battle» жобасының техникалық жетекшісі Бибінұр Шербаева баяндама жасады.


Евгений Кочетов өз кезегінде мұндай зияткерлік ойындар рухани құндылықтар мен патриотизмнің қалыптасуына ықпал ететінін атап өтті. Жоба мақсаты: мемлекеттік тілді кеңінен дәріптеу, тілге деген қызығушылықты ояту, логикалық ойлауды дамытатын білімді жастар үшін бос уақыттың өзекті форматын қалыптастыру мақсатында жастар арасында қызықты интеллектуалдық, шығармашылық сайыстар өткізу және ел азаматтарының лингвистикалық капиталын арттыру.