Қазақстанда 30 ауылдағы мектеп 1 млн теңгеге жабдықталады

Жарияланған күні: 15.11.2021


Қазақстанның шалғайдағы аймақтарындағы алыс әрі ауылды жерлердегі 30 мектебі мәдени және білім беру үрдісін жақсарту үшін құны 1 млн теңгеге қажетті құралдармен жабдықталады. Бұл туралы «Barine Bilim» жобасының аралық қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты барысында белгілі болды.

«Шағын гранттар жобасы оқушыларға ең алдымен не жетпейтінін мұғалімдердің өз таңдауына қалдырады. Бұл айналып келгенде ол гранттың облыстағы білім берудің маңызды проблемаларын шешуде тиімді ете түседі, себебі қаржыландыру материалдық-техникалық базаны ұсыну күйінде бірден мектептерге бағытталады. Біз көп жағымды пікір естиміз. Ұйымдастырушы ретінде бізді кітапхана, спорт залдардың қорын жаңарту немесе кабинеттерді жасылдандыру секілді оқушыларға қызықты кейстердің бары қуантады», – деді «Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту орталығы» ЖҚ Төрағасы Ермек Мәжитов.

Жоба бас серіктес «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының арқасында іске асырылуда. Бастамалар шеңберінде елдегі 10 аймақтан 30 мұғалім іріктеліп алынды. Олардың мектептері 1 млн теңге көлемінде шағын грант алады. Жалпы конкурсқа елдегі 12 аймақтан 56 мұғалім қатысты.

«Бүгінгі таңда Қазақстанның төрт өңіріндегі ауылды аймақтарындағы 11 мектеп құны 1 млн теңгеге қажетті құралдармен жабдықталды. Олар: ШҚО, Павлодар, Қарағанды және Алматы облыстары. 10 желтоқсанға дейін қалған 19 шағын грант басқа қатысушылар арасында өткізіледі», – деп ақпарат таратты «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Баян Әбенова.

Мектепке керек-жарақтың тізімі оқу орындарының жекелеген қажеттілігіне қарай мұғалімдердің және мектеп әкімшілігінің келісімі бойынша құрылған. Көбінесе педагогтар оқу үрдісін ұйымдастыруға арналған қажетті тауарларды сұратады. Олар: ноутбуктар, интерактивті тақталар, принтерлер мен жобалаушылар. Сонымен бірге педагогтар кітапхана қорын толтырып, зертханалық құрылғылар мен спорттық керек-жарақтарды сатып алуға ниет білдірген.

Еске сала кетсек, «Barine Bilim» – «National Teacher Prize Kazakhstan» – «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық сыйлығы шеңберінде қыркүйекте іске асырыла бастаған жоба. Аталған сыйлық Global Teacher Prize халықаралық сыйлығы шеңберінде Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының құрылтайшысы Әлия Назарбаевамен бастама ретінде көтерілген. Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика мұғалімі Асхат Жұмабеков аталған сыйлықтың нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік 50 мұғалімнің қатарына кірді.