Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі

“Қазақстан-Украина” Бірінші Климаттық диалогты ұйымдастыру шеңберіндегі әріптестік (2021 жылғы 25-26 мамыр)

Елшілік туралы

1992 жылы 22 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Украина арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. Ал 1994 жылы желтоқсанда Украинада Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды. 2020 жылғы 22 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Дархан Аманұлы Кәлетаев.

Қазақстан мен Украина арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамуының кепілі – 100-ге жуық құжаттан тұратын шарттық-құқықтық база. Ең негізгісі – 1994 жылғы 20 қаңтардағы Достық пен ынтымақтастық туралы Шарт. Халықаралық шарттар экономика, қауіпсіздік, гуманитарлық мәселелер, білім және басқа да ауқымды мәселелерді қамтиды.

Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kiev?lang=ru