Жарияланған күні: 30.04.2024
Өтінімдерді а. ж. 9-29 сәуір аралығында мемлекеттік Бірыңғай грант операторы қабылдаған болатын. Конкурс аясында 180 миллион теңгеден астам сомаға 14 бағыт бойынша 17 мемлекеттік грант ұсынылды.
Жобалар келесідей салаларға бағытталған: Азаматтық қоғамның дамуына, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту.
Қазіргі уақытта барлық өтінімдер техникалық сәйкестікке тексеруден өтуде.
Естеріңізге сала кетсек, бұл конкурс азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тарту мақсатын көздейді.