БЕКІТЕМІН
«Азаматтық бастамаларды
қолдау орталығы» КеАҚ Басқармасы Төрағасының м.а.
__________________ Балтаев Г.Т.
« » сәуір 2025 жыл
Қағидалардың 36, 37 және 39-тармақтарында көзделген талаптарға және «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі» ММ басшысы міндетін атқарушысының 2025 жылғы «28» ақпандағы № 11-1-4/114 бұйрығымен бектілген Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының 2025 жылға арналған тізбесіне сәйкестікке өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша
ҚОРЫТЫНДЫ ТҰЖЫРЫМДАУ
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) 2025 жылғы 11 наурызда жариялаған «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі» ММ-ның Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) берілетін 2025 жылға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 17 ҮЕҰ-дан 18 өтінім келіп түсті Оның ішінде 2 өтінім мемлекеттік тілде және 16 өтінім орыс тілінде берілген.
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 03 сәуірде сағат 18-30-да аяқталды.
Ағымдағы жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына және Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:
1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне;
2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне;
3) өтініш берушінің жарғылық мақсатының мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкестігіне;
4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтердің болуына;
5) өтініш берушінің тарату процесінде болу/болмауына;
6) өтініш берушінің банкрот деп танылу/танылмауына;
7) өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар/жоқтығына;
8) өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу/болмауына;
9) өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынған/салынбағанына;
10) өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатылған/ тоқтатылмағанына;
11) өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылу/табылмауына;
12) берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген/енгізілмегеніне тексеру жүргізілді.
Қағидалардың 40-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.
Конкурсқа қатысуға жіберілген ҮЕҰ өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды сараптама комиссиясы жүзеге асырады.
Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Оператор келесідей шешім қабылдады:
- мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:
№ | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Грант түрі | Ұйым атауы |
1 | Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау | Қазақстан Республикасының заңнамасына адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды енгізу (кемсітпеу, ой-пікір, ар-ождан және дін бостандығы, сондай-ақ азаптаудың алдын алу және оған қарсы күрес мәселелері бойынша) | қысқа мерзімді | «Актуалды саясат институты» қоғамдық қоры |
2 | «Innovation Research Science group» жергілікіті қоғамдық бірлестігі | |||
3 | «Basqary» қоғамдық қоры | |||
4 | «Құқықтық ағарту және заңнаманы дамыту қоры» қоғамдық қоры | |||
5 | «Жастардың әлеуметтік және тұрақты даму қоры»
қоғамдық қоры |
|||
6 | «Халықаралық төрелік және медиация палатасы» жеке меншік мекемесі | |||
7 | «ADAM DAMU» Еуразиялық гуманитарлық орталығы» қоғамдық қоры | |||
8 | «Қорған-М» республикалық қоғамдық бірлестігі | |||
9 | «Сенім-Ай» қоғамдық бірлестігі | |||
10 | «Қоғамдық аудит» ұлттық әріптестік платформасының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі | |||
11 | Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту |
Халықаралық аренада (Швейцария алаңдарында) Қазақстан Республикасының оң халықаралық имиджін қамтамасыз ету |
қысқа мерзімді | «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігі |
12 | Халықаралық «Жанашыр» қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры | |||
13 | «Жастардың әлеуметтік және тұрақты даму қоры»
қоғамдық қоры |
|||
14 | «Солидарность» әлеуметтік даму қоры» қоғамдық қоры | |||
15 | «Шығыс-Батыс» халықаралық геосаяси болжау орталығы» қоғамдық қоры | |||
16 | «Көмек дағдарыс орталығы» қоғамдық бірлестігі |
2) төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беру конкурсына қатысудан бас тарту туралы (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):
№ | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Грант түрі | Ұйым атауы | Бас тарту
себептері |
1 | Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау | Қазақстан Республикасының заңнамасына адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды енгізу (кемсітпеу, ой-пікір, ар-ождан және дін бостандығы, сондай-ақ азаптаудың алдын алу және оған қарсы күрес мәселелері бойынша) | қысқа мерзімді | «Отбасы мектебі» білім және жастарды қолдау» қоғамдық қоры | Өтінім Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес келмейді |
2 | «ADAL» республикалық қоғамдық бақылау орталығы» қоғамдық қоры | ҮЕҰ дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер жоқ |