“Qazaqstan Project Management Awards 2021” ұлттық конкурсы

Жарияланған күні: 09.07.2021


Құрметті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері!

Өздеріңізге мәлім, биылғы жылдың 15 маусымында “Qazaqstan Project Management Awards 2021” ұлттық конкурсы басталған болатын.

Конкурс жобалық менеджменттің әдістері мен құралдарын өз қызметінде белсенді түрде енгізетін және қолданатын мемлекеттік органдарды, квазимемлекеттік сектор ұйымдарын, үкіметтік емес ұйымдарды, шағын және орта бизнес өкілдерін, сондай-ақ жоғары оқу орындарын қолдауға бағытталған.

Тиісті құзыреттері бар кез келген адам жобалық менеджмент саласындағы кәсіби конкурсқа қатысуға өтінім бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін 2021 жылдың 15-ші тамызына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының www.apa.kz сайтында “Жобалық кеңсе” бөлімінде — “Конкурс” бөлімшесін таңдап онлайн-өтінім беру қажет. Сондай-ақ конкурстың ережесі, мерзімі және кезеңдері көрсетілген, есептердің нысандарын және оларды толтыру ережелерін жүктеуге болады.

Биыл конкурстың ауқымы кеңейтіліп екінші рет өткізіліп отыр, оған тек мемлекеттік органдар ғана емес, квазимемлекеттік сектор өкілдері, жоғары оқу орындары, бизнес және үкіметтік емес ұйымдар да қатысуға мүмкіндік бар.

Конкурсқа қатысу ақылы. Бір ұйым бір уақытта бірнеше номинацияға қатыса алады.
Онлайн байқауды Мемлекеттік басқару академиясы Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ), ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің жобалық басқару орталығының және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен жүзеге асырады.
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ақпараттық қолдау көрсетеді.