Құжаттар: –
Мақсаты: “Жас Ұлан “бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы” Республикалық қоғамдық бірлестігі мен “Балапан” телеарнасы өкілдерінің бірлесіп, 9 жастан 16 жасқа дейінгі балалар үшін мемлекеттік тілде контент жасауға бағытталған жобасын іске асыру
«Қазақмыс» Тобы – негізгі активтері кен өндіру саласы мен түсті металлургияда шоғырланған сатылас ықпалдастырылған холдинг.
«Қазақмыс» әлемде концентраттағы мысты шығару бойынша 20-орынға (271 мың тонна) және қаралтым және катодты мыс өндіру бойынша 12-орынға (өңделме шикізатты ескерумен тиісінше 377 және 365 мың тонна) ие.
2020 жылы «Қазақмыс» Тобының қосқан үлесі (279 тонна, елдегі жалпы өндірістің 51%-ы) Қазақстан Республикасына күміс өндіретін елдердің әлемдік рейтингінде 11-орынды иеленуге мүмкіндік берді.
2020 жылдың қорытындысы бойынша «Қазақмыс» Тобы электр энергиясын өндіру бойынша Қазақстан Республикасында 3-орында, өндіріс көлемі 7 267,53 млн. кВтсағ.
«Қазақмыс» кәсіпорындары – кеніштер, байыту фабрикалары, мыс балқыту зауыттары – үш өндірістік алаңда (Балқаш, Жезқазған, Қарағанды) орналасқан, онда шамамен 37 мың адам жұмыс істейді.