“Қайырымды істер марафонына” қосылыңыз!

Жарияланған күні: 22.07.2021


“Қайырымды істер марафонына” қосылыңыз!
24 шілдеде “Қайырымды істер марафоны” жалпыұлттық жобасы аясында Ұлттық жазғы жақсылық жасау күні өтеді. Бұл күндері әр өңірде жартастар мен су қоймаларын тазарту бойынша “Өз елімде із қалдырмай Sayahattime” ауқымды экоакциялары өтеді, оған кез-келген адам қосыла алады.

Еліміздің кейбір өңірлері ұлттық жазғы жақсылық күніне арналған жоспарларын жариялады. Қызылорда облысында “Жасыл ел” жастар еңбек жасағының және облыстық “волонтерлердің Фронт-офисінің” еріктілері Сырдария өзенінің ластанған аумақтарын тазартуды жоспарлап отыр.

Осы күні Шымкент қаласының азаматтық Альянсынан, “Эко Алхимия” ҚБ, “Nur Otan” партиясының ШҚФ, ІСБ және Шымкент қаласының Жастар ісі жөніндегі басқармасымен бірге 50-ге жуық еріктілердің қатысуымен “Қошқар-Ата” өзенінің жағалау бөлігін тазарту бойынша челлендж өтеді.

Жақсылықтың ұлттық жазғы күніне қатысу үшін “Қайырымды істер марафоны” жалпыұлттық жобасының ұйымдастыру комитетіне келесі нөмір бойынша хабарласу қажет: +7 701 512 55 00 онда әрбір тілек білдірушіге акцияның нақты өңірде қалай және қайда өтетіні айтылады.