Қайырымды істер марафоны: Павлодар облысында меценаттар мен волонтерлер 1 млн доллардың көмегін көрсетті

Жарияланған күні: 11.08.2021


«Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамамымен осы жылдың ақпан айында басталды. Осы уақыт аралығында қайырымдылық көмекті 160 000-нан астам азамат алды. Ең белсенді аймақтардың үштігіне кіретін Павлодар облысында бірінші жартыжылдықта 2000-ға тарта қайырымдылық акциялары мен іс-шаралары өтті.

Жобаға жергілікті меценаттар мен волонтерлер белсенді түрде атсалысуда: Марафон іске қосылғалы бері олар жалпы сомасы 420 миллион теңгенің көмегін көрсетті. Бұл туралы онлайн баспасөз мәслихаты барысында «Жастардың бастамаларын дамыту орталығы» КММ басшысы Төлеген Айтбаев айтып берді.

«Олардың ішінде «Богатырь-Көмір» ЖШС облыстың мешіттері мен шіркеулерін қолдауға құны он миллион теңге ақша бөлді. «Восточный» қиығының өкілдері Екібастұз бен Ақсудағы 400 отбасына азық-түлік себеттерімен көмектесті. Павлодар облысының кәріс этномәдени орталығы аз қамтылған отбасыларға көмір мен азық-түлікті жеткізіп берді. Марафонға сонымен қатар Павлодар мұнай-химия зауыты, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «KSP Steel» ЖШС, «Нұр ана әлемі» ҚБ және басқалар қатысты», – деп қосты Т.Айтбаев.

Облыстағы мешіттердің бірі – Екібастұз қалалық мешітінде «Богатырь-Көмір» ЖШС компаниясы қыстың қатты аязында құбыр желісі жарылғаннан кейін сумен қамту жүйесін жөндеп, жаңа құбырларды орнатып берді.

«Компанияның мамандары қазіргі су жүйесінде жаңа ойым жасап, оның зақымданған тұсын қалпына келтірді. Сондай-ақ компания қалалық мешіттің биылғы жылу үшін төленуі тиіс 2 млн теңгелік қарызын жауып берді. Дәл осындай 600 мың теңгелік көмек Иверско-Серафимовский соборына да көрсетілді. Сонымен қатар, компания православ соборының жексенбілік мектебінің жаңа ғимаратының асханасына ас үй құрылғыларын алу үшін 4 млн теңге бөлді», – деп хабарлады «Богатырь-Көмір» ЖШС компаниясының баспасөз қызметінен.

«Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасына Павлодар облысынан бірінші жартыжылдықта барлығы 50 коммерциялық ұйым мен жүзге жуық қоғамдық бірлестік атсалысты.

Еске сала кетейік, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Алда өткізілетін және өткізілген акциялар, сонымен қатар алдағы іс-шаралар мен конкурстар туралы жаңалықтар мен аңдатпалар жайлы ақпаратты «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасының qim.kz сайтынан көруге болады. Одан бөлек сайтқа кірушілер нақты уақыт режимінде «Қайырымдылық есептегішін» де бақылай алады: ол қанша адамға көмек көрсетілгенін және елде күніне қаншама игі іс атқарылатынын көрсетеді.

 

Марафонға ниет білдірген кез келген азамат қатыса алады. Ол үшін өзінің жақсы істерін әлеуметтік желілерде #ҚАЙЫРЫМДЫІСТЕРМАРАФОНЫ #МАРАФОНДОБРЫХДЕЛ ресми хештегімен жариялауы керек.