Қайырымды істер марафоны: 12 өңірде «Өз елімде із қалдырмай Sayahattime» экоакциясы өтті

Жарияланған күні: 27.07.2021


19-25 шілде аралығында «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасының қатысушылары жазғы мейірімділік күнін мерекелеу аясында «Өз елімде із қалдырмай Sayahattime» ауқымды экоакциясына қатысты. Бұл күндері еліміздің ең көркем жерлерінде еріктілер мен белсенділер вандалдық жазбалардан жартастарды тазартуға, су қоймалары мен танымал туристік маршруттардың маңындағы аумақтарды тазартуға қатысты. Акцияны «Kazakh Tourism», «Jana dunie» қайырымдылық қорының, жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырды. Акцияға барлығы 12 өңірден: Қарағанды, Қызылорда, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Ақтөбе, Түркістан облыстарынан еріктілер, сондай-ақ Шымкент қаласының белсенділері қатысты. «Жазғы мейірімділік күні және оған арналған экоакция – бұл марафон аясында өтіп жатқан екінші мереке. Бұған дейін біз ірі супермаркеттер мен дүкендердің көмегімен қасиетті Рамазан айының құрметіне мұқтаж жандарға қолдау көрсету акциясын өткіздік. Болашақта біз Күзгі және қысқы мерекелерді, сондай-ақ ұлттық Мейірімділік күнін мерекелеу аясында басқа да іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз», – деп, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Лима Диас алдағы айларға арналған жоспарларымен бөлісті. Белсенділерге еліміздің ең танымал туристік орындарында: Қоңыр әулие үңгірінде, Сібе көлдерінде, Рахман қайнарларында, Бөлектау Тауында, Шайтанкөл көлінде, Ем бұлақ суында, Каспий теңізінің жағалауында, Иманқараның тау бөктерінде, сондай-ақ басқа да көптеген көркем жерлерде қоқыстан, жазулардан, пластикалық бөтелкелерден су айдындарынан тазарту қажет болды. «Кейбір өңірлерде бастамашыл топтар экоакцияларды өткізу үшін бірден бірнеше орынды ұсынды. Мысалы, Қарағанды облысында аумақты тазарту бірден үш жерде, ал Шығыс Қазақстанда – екі жерде жүргізілді. Іле – Алатау немесе Қарқаралы ұлттық паркіндегі жартастарды тазарту сияқты бірлі-жарым іс-шаралардан басталған бұл «Өз елімде із қалдырмай Sayahattime» акциясының осындай ауқымды республикалық жобаға дейін өскеніне қуаныштымыз, өйткені бұл шараның арқасында біз қоғамның назарын экология, табиғатымыздың алғашқы сұлулығын сақтап қалу сияқты маңызды мәселелерге аударамыз»,- деп атап өтті Нұр-сұлтан қаласындағы «Jana Dunie» қорының директоры Әсел Әлиева. Еске сала кетейік, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы осы жылдың ақпан айында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында басталған болатын. Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мұрындық болуымен жүзеге асырылуда. Алдағы және өткен акциялар туралы толық ақпарат, сондай-ақ болашақ іс-шаралар мен конкурстардың жаңалықтары мен анонстары енді «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасының сайтында – qim.kz қолжетімді