Қағидаларда көзделген талаптарға және мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды
Жобаларды басқару департаменті осымен 2023 жылы 17 мамырда басталған Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) 2023 жылға арналған мемлекеттік гранттар беру қайта конкурсының қорытындысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) 2 ҮЕҰ-дан 2 өтінім, оның ішінде, қазақ тілінде 1 ҮЕҰ-дан 1 өтінім түсті орыс тілінде 1 ҮЕҰ-дан 1 өтініш түсті.
Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 30 мамырда Астана қ. уақыты бойынша сағат 18-30-да аяқталды.
А.ж. 5 маусым Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының талаптарына және мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:
- өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда;
- өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмегенде;
- өтініш берушінің жарғылық мақсаты мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкес келмегенде;
- Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер болмағанда;
- егер өтініш беруші тарату процесінде болса;
- егер өтініш беруші банкрот деп танылса;
- егер өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар болса;
- егер өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
- егер өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынса;
- егер өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған болса;
- егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылса;
- егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген болса.
Конкурсқа қатысуға жіберілген Қағидалардың 40-тармағына сәйкес өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.Конкурсқа қатысуға жіберілген үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды сараптау комиссиясы жүзеге асырады.
Өтінішті қарау нәтижелері бойынша оператор шешім қабылдады:
1) мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:
№ | Мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Іске асыру мерзімі | Ұйымның атауы |
1 | Батыс Қазақстан облысында ауыл жастарын қолдауға арналған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу. | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Қысқа мерзімді | «Айқын Болашақ» қоғамдық қоры |
2 | Батыс Қазақстан облысында ауыл жастарын қолдауға арналған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу. | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Қысқа мерзімді | Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» корпоративтік қоры |
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ