Қағидаларда көзделген талаптарға және мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды
Жобаларды басқару департаменті осымен «Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ бөлімінің тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) 2023 жылға арналған мемлекеттік гранттар беру конкурсының қорытындысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) 2023 жылғы 24 ақпанда 5 ҮЕҰ-дан 6 өтініш, оның ішінде орыс тілінде 3 ҮЕҰ-дан 4 өтініш, мемлекеттік тілде 2 ҮЕҰ-дан 2 өтініш түсті.
Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 30 наурызда Астана қ. уақыты бойынша сағат 18-30-да аяқталды.
А.ж. 06 сәуірде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының талаптарына және мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:
- өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда;
- өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмегенде;
- өтініш берушінің жарғылық мақсаты мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкес келмегенде;
- Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер болмағанда;
- егер өтініш беруші тарату процесінде болса;
- егер өтініш беруші банкрот деп танылса;
- егер өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар болса;
- егер өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
- егер өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынса;
- егер өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған болса;
- егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылса;
- егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген болса.
Конкурсқа қатысуға жіберілген Қағидалардың 40-тармағына сәйкес өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.Конкурсқа қатысуға жіберілген үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды сараптау комиссиясы жүзеге асырады.
Өтінішті қарау нәтижелері бойынша оператор шешім қабылдады:
1) мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:
№ | Мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Іске асыру мерзімі | Ұйымның атауы |
1 | Мәдениет пен өнерді дамыту | Дәстүр жалғастығы | Қысқа мерзімді | ОФ “Алтын оймак” |
2 | Мәдениет пен өнерді дамыту | Отпантаудан Ұлытауға суретшілер экпедициясын ұйымдастыру | Қысқа мерзімді | ОО «Ақтау қалалық суретшілер одағы» |
3 | Мәдениет пен өнерді дамыту | Айтыс жанрымен айналысып жүрген талантты жастарға қолдау көрсету | Қысқа мерзімді | Объединение юридических лиц “Казахстанская Ассоциация Даму” |
4 | Мәдениет пен өнерді дамыту | Айтыс жанрымен айналысып жүрген талантты жастарға қолдау көрсету | Қысқа мерзімді | «Жыр – жебе » ақындар мектебі қоғамдық қоры |
5 | Мәдениет пен өнерді дамыту | Дәстүр жалғастығы | Қысқа мерзімді | Общественное объединение «АСЕР» |
6 | Мәдениет пен өнерді дамыту | Отпантаудан Ұлытауға суретшілер экпедициясын ұйымдастыру | Қысқа мерзімді | Объединение юридических лиц “Казахстанская Ассоциация Даму” |
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ