Қағидаларда көзделген талаптарға және Алматы облысы ішкі саясат басқармасының мемлекеттік гранттарының басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

Қағидаларда көзделген талаптарға және Алматы облысы ішкі саясат басқармасының мемлекеттік гранттарының басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

 «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі-Оператор) 2023 жылғы 31 мамырда жарияланған Алматы облысы ішкі саясат басқармасының 2023 жылға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс нәтижелері бойынша алты ҮЕҰ-нан  орыс тілінде 7 өтінім түскенін хабарлайды. Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 20 маусымда Астана уақытымен 18:30-да аяқталды.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының талаптарына және Алматы облысы ішкі саясат басқарма  басшысының 2023 жылғы 24 мамырдағы № 6/6-н  бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді тексеру 2023 жылдың 27 маусымда аяқталды.

Конкурстың талаптары мен шарттарына сәйкес тексерістен өткен өтінімдерді бағалау мақсатында конкурстық комиссия мүшелеріне  жолдау қажет.

Өтінімдерді тексергеннен кейінгі Оператордың қабылдаған шешімі:

 

Мемлекеттік грант саласы Басым бағыт Іске асыру мерзімі Ұйымның атауы
1 Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу Ауыл әйелдерінің табыс мектебінің қызметін ұйымдастыру Қысқа мерзімді «Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қоғамдастықтар қоры» қоғамдық қоры
2 Қысқа мерзімді «Эра-KZ» қоғамдық бірлестігі
3 Қысқа мерзімді Республиканское общественное объединение «QazaqGeography»
4 Қысқа мерзімді «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ»
5 Қысқа мерзімді «Azamatsha KZ Қайырымдылық Қоры» ҚҚ филиалы
6 Қысқа мерзімді Алматы облысы мүгедектерінің «Самға-Н» қоғамдық бірлестігі
7 Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және құқық бұзушылықтарға «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу Қысқа мерзімді «Эра-KZ» қоғамдық бірлестігі