«ҮЕҰ әлеуетін тарту арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбы бойынша грантты жүзеге асыру қорытындысы

Ұйым
Тапсырыс беруші
Аймақ
-
Іске асыру мерзімі NULL
Грант сомасы
Әкімшілік
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету шығыстар
Тікелей шығындар

«ҮЕҰ әлеуетін тарту арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбы бойынша грантты жүзеге асыру қорытындысы

Грант алушы: «Трансперенси Қазақстан» ҚҚ

Жүзеге асыру мерзімі: 20 қыркүйек – 7 желтоқсан

Грант сомасы: 4 171 000 теңге

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттары бойынша ұсынылған тақырыптардың бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру болатын. «Transparency International»халықаралық үкіметтік емес ұйымының ұлттық филиалы – «Трансперенси Қазақстан» қоғамдық қоры грант иегері атанды.
20 қыркүйек – 7 желтоқсан аралығында «Трансперенси Қазақстан» ҚҚ келесі іс-шараларды атқарды: БАҚ және әлеуметтік желілердегі талқылауларға мониторинг жүргізу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша, ұйымдар мен жедел желі телефондары туралы ақпарат жинау; практикалық ұсынымдар, арыздар мен өтініштер базасын әзірлеу; арыздар мен өтініштер базасын БАҚ және әлеуметтік желілерде тарату; e-gov жүйесін пайдалану ережелері бойынша материалдар жинау; азаматтарға арналған құқықтық кеңес беру қызметін ұйымдастыру.

1. Азаматтардың онлайн БАҚ, форумдар мен әлеуметтік желілердегі пікірлері мен талқылауларына мониторинг жүргізу

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында Қазақстан азаматтарының ең көп алаңдаушылығын тудыратын мәселелерді анықтау мақсатында азаматтардың онлайн БАҚ, форумдар мен әлеуметтік желілердегі пікірлері мен талқылауларына мониторинг жүргізілді. Мониторинг келесі бағыттар бойынша жүргізілді: білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету (ХҚКО, e-gov), құқық қорғау органдары, халықты әлеуметтік қорғау органдары, ТКШ саласы (ПИК мәселелері), кірісті жариялау (түсіндіру жұмыстары). Мониторинг барысында жергілікті халық арасында ең көп сұранысқа ие 28 сайт пайдаланылды. Мониторинг қорытындысы бойынша халықтың сұраныстары туралы жиынтық ақпарат әзірленді.

2. Практикалық ұсынымдар, арыздар мен өтініштер базасын әзірлеу

http://tikazakhstan.org/ сайтында «арыздар базасы» орналасқан, бұл жерде мемлекеттік органдарға арналған үлгілік өтініштердің базасына енуге болады. Егер сіз мектепте ақша жинау, заңсыз қаражат жинау оқиғаларын байқасаңыз, осы база сізге өкілетті органға жүгінуге көмектеседі.

3. Құқықтық лекциялар әзірлеу

Құқықтық сауаттылыққа үйрету мақсатында КИМЭП университетінің оқытушысы А.Шайкеновтың бейнелекциялары түсірілді және ашық қолданысқа ұсынылды. Қазақ және орыс тіліндегі лекциялар құқық саласындағы негізгі білім, жемқорлықтың түрлеріне қарай бөлінуі, т.б. туралы роликтерді қамтиды. КИМЭП университетінің оқытушысы, заңгер Арман Шайкеновпен бірге шығарылатын осы лекциялар азаматтарға құқықтың құрылымын, оның құбылыстары мен жұмыс механизмдерін түсінуге мүмкіндік берді. Ең бастысы, осы бейнелекциялардағы мәліметтер бойынша құқықтың жеке азаматтық құқықтарды қорғауға көмектесетіндігі түсінікті болады.

4. Диалог алаңын құру

Оңтүстік астананың екі университеті – «Тұран» университеті мен Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында сарапшылардың қатысуымен өткен диалог алаңдары жастардың мол аудиториясын қамтуға мүмкіндік берді. Ал республикалық жоғары оқу орындары аралық ғылыми-тәжірибелік «Тұран-Транспаренси» конференциясының арқасында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын талқылауға және оларды көрсету сапасын жоғарылатуға, сондай-ақ барынша ашықтық пен есеп беруге септігін тигізуге студенттердің өздерін жұмылдыру да мүмкін болды.

Жобаның көпшілік таныстырылымы

Публичные презентации отсутствуют

Қосымша материалдар

Қосымша материалдар

Байланыс

Мекен жайы
Байланыс телефоны