«Қазақстандық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік саладағы қарым-қатынасын кеңейту» грантын жүзеге асыру қорытындысы

Ұйым
Тапсырыс беруші
Аймақ
-
Іске асыру мерзімі NULL
Грант сомасы
Әкімшілік
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету шығыстар
Тікелей шығындар

«Қазақстандық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік саладағы қарым-қатынасын кеңейту»

Грант алушы: «Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ

Грант сомасы: 12 000 000 теңге

Жүзеге асыру мерзімі: 2016 жылдың 20 қыркүйегінен 7 желтоқсанға дейін

«Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қоры «Қазақстандық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік саладағы қарым-қатынасын кеңейту» жобасымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің грант иегері атанды. Жоба аясында келесі іс-шаралар ұйымдастырылды: ұсынылған жобалардың аймақтарында байқау-конкурс, жәрмеңке және ХҮЕҰ форумы, форум нәтижелері бойынша есептер мен ұсынымдар әзірлеу.

1. Әлеуметтік жобалар байқауы-конкурсы

Ел аймақтарында «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылы ішіндегі табыс мысалдары» атты әлеуметтік жобалар байқауы-конкурсын өткізу. Елдің барлық аймақтарынан 190 ұйымнан келіп түскен 237 жоба қаралды.

2. Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі және ХҮЕҰ форумы

Үстіміздегі жылдың 17-18 қарашасында Алматы қаласында әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі мен ХҮЕҰ форумы өтті, онда нысаналы топтарға арналған әлеуметтік қызметтер көрсету саласында жұмыс жасайтын коммерциялық емес ұйымдардың әлеуметтік жобалары ұсынылды; диалог алаңдары аясында «ҮЕҰ – ХҮЕҰ – Мемлекеттік құрылымдар» қарым-қатынас нысандары мен әдістері талқыланды.
Қатысушылардың сапалық құрамы: ҮЕҰ – ҮЕҰ өкілдері, 16 аймақтан 230 адам, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының ішкі саясат басқармасы, халықаралық және шетелдік ҮЕҰ өкілдері – Қазақстандағы БҰҰДБ, Халықаралық Қызыл крест және жарты ай федерациясы, Ұлттық Қызыл жарты ай комитеті, ЮСАИД, Халықаралық коммерциялық емес құқық орталығы (ICNL), Экономиканың дамуына септесетін модельдік құрылымдарды құру жөніндегі GTZ-ПРЭКО Қазақстан-Германия біріккен бағдарламасы, Қазақстан мен Түркия іскер адамдарының қоғамы, Орталық Азиядағы герман экономикасының өкілдігі, отандық донорлық ұйымдардың өкілдері: «Samruk-Kazyna Trust» КҚ, ЮСАИД, «Орталық Азияның Еуразия қоры» КҚ, Адам құқықтары бойынша қазақстандық халықаралық бюро, ҚР Тұңғыш Президенті – Халық көшбасшысының қоры, Сорос Қазақстан қоры.
Форумда заманауи ғаламтор технологияларын пайдалану, әлеуметтік кәсіпкерлік қағидаларды қолдану, мемлекеттік және шетелдік немесе халықаралық донорлық қаржыландыру арқылы мүмкіндіктері шектеулі адамдарға бағытталған «Үміт» жобасы ұсынылды. 2016 жылы жобаны Алматы қызмет көрсету колледжі негізінде жүзеге асыру мүмкіндіктері шектеулі 25 адамға өз бетімен жұмыс іздеу дағдыларын, жұмыс берушілермен қарым-қатынас құру іскерліктерін үйретуге мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде 15 адам Алматы қаласындағы ұйымдар мен кәсіпорындарға жұмысқа орналастырылды, ал 7 адам үй шарттарында икемді жұмыс жүйесі бойынша жұмыс тапты. Бұл жоба ХҮЕҰ жәрмеңкесінің аясындағы диалог алаңының қатысушылары, оның ішінде халықаралық ұйымдардың өкілдері арасында қызығушылық тудырды, осының нәтижесінде Астана қаласы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары секілді аймақтарда жобаны мультипликациялау мақсатында «Қазақстандық менеджментті дамыту қоры» ҚҚ-мен серіктестік туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Жоба нәтижелері:

– «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы: табыс мысалдары және елдің әлеуметтік саласының даму перспективалары» атты әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің лауреаттарының жобалары жергілікті атқарушы билік органдары (облыстық әкімдіктер) мен халықаралық және шетелдік ХҮЕҰ-ларға (Қазақстандағы Еуропалық одақ және Қазақстандағы БҰҰ, ЮСАИД) бағытталды. Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесінің лауреаттары атанған жобаларды аймақтарда жүзеге асырудың әлеуметтік маңызын ескере отырып, жоба тақырыптары алдағы кезеңде әрі қарай жүзеге асыруға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс лоттарының тақырыптарын қалыптастыру үшін, сондай-ақ әлеуметтік ынтымақтастық бойынша ықтимал серіктестер ретінде шетелдік және халықаралық ұйымдарға аймақтық ҮЕҰ әлеуеті туралы ақпарат ұсынылды.
– ҮЕҰ – ХҮЕҰ – Мемлекеттік құрылымдар арасындағы қарым-қатынасты күшейту бойынша ұсынымдар әзірленіп, барлық мүдделі тараптарға, оның ішінде Сыртқы істер министрлігіне жіберілді (КӘЖ алаңы).

Жобаның көпшілік таныстырылымы

Публичные презентации отсутствуют

Қосымша материалдар

Қосымша материалдар

Байланыс

Мекен жайы
Байланыс телефоны