Павлодар облысындағы екі ауылда жергілікті өзін-өзі басқару бойынша тренингтер өткізіледі

Жарияланған күні: 16.05.2023


Баянауыл және Ефремовка ауылдарындағы жергілікті өзін-өзі басқару топтарының әлеуеті ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша іске асырылатын әлеуметтік жоба аясында дамытылатын болады.

Павлодар облысында ауыл тұрғындарын оқытуға және мемлекеттік органдардың кәсібилігін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыруға бағытталған гранттық жоба іске асырыла бастады. Жобаны «Павлодар облысының Азаматтық Альянсы қауымдастығы» ЗТБ іске асыруда.
«Баянауыл және Ефремовка ауылдарының тұрғындары елдімекендердегі түрлі мәселелерді шешуде белсенділік танытады. Жоба аясында біз ауылдық мәселелерді шешу барысында жергілікті өзін-өзі басқару өкілеттіктерін іс жүзінде жүзеге асыру дағдыларын дамытатын боламыз. Бастамашыл топтармен бірлесіп, жастардың бос уақытын ұйымдастыру, инфрақұрылымдық, экологиялық және басқа да мәселелерді шешу сияқты жергілікті халықты толғандыратын өзекті тақырыптарды таңдаймыз», – дейді жоба жетекшісі Светлана Могилюк.

Жобаны іске асыру барысында ауыл тұрғындарына жергілікті өзін-өзі басқару мүмкіндіктері және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл арқылы проблемаларды шешу жолдары түсіндірілмек.
Әлеуметтік жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша осы жылдың қыркүйегіне дейін іске асырылады.