«Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу» бағыты бойынша екі жоба жарияланды

Жарияланған күні: 23.06.2021


Құрметті отандық ҮЕҰ өкілдері!

ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттар беру конкурсы жалғасуда.

Конкурс 12 бағытта 22 тақырып бойынша жарияланды.

«Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу» бағыты бойынша екі жоба жарияланды:

  • Гендерлік мұқтаждықтар мен қажеттіліктер картасы: этникалық, өңірлік және әлеуметтік бөлініс әсері.

Жобаның мақсаты: Таптық, этникалық және жас факторларының әсерін ескере отырып, Қазақстан әйелдерінің гендерлік қажеттіліктерін зерттеу.

2)           Қаржылық сауаттылық отбасында басталады (онлайн жоба).

Бизнес-тренерлерді тарта отырып, жас және көп балалы отбасылар үшін кәсіпкерлік дағдыларын дамыту, кәсіпкерлікті жүргізу, көшбасшылық дағдыларды дамыту жөнінде, отбасылық бюджетті дұрыс бөлу туралы курстар ұйымдастыру және өткізу.

 

«Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу» бағыты бойынша мемлекеттік грантты беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттардың толық пакетін 2 шілде, сағат 18.00-ге дейін ұсынуы қажет.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы конкурсқа қатысушылардың өтінімдерінен елеулі кемшіліктері анықталған жағдайда, оларды түзеуге мүмкіндік алу үшін ҮЕҰ-ға өтінімдерді алдын ала ұсынуға кеңес береді.