Жарияланған күні: 19.07.2024
Бірыңғай грант операторы – Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы өңірлік тапсырыс берушілермен және ҮЕҰ өкілдерімен жұмыс кездесулерін ұйымдастыруды жалғастыруда.
Мақсат – гранттық жобалардың жүзеге асырылу барысымен және олардың қазіргі жағдайымен танысу.
Айта кетсек, бүгінге дейін Орталықтың қызметкерлері Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасының, Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасының және Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың өкілдерімен, сәйкесінше аталмыш өңірлерде гранттық жобаларды жүзеге асырып жатқан ҮЕҰ өкілдерімен онлайн-кездесулерді өткізіп үлгерді.
Бұл онлайн-кездесулердің барысында грант алушылар жобалардың жүзеге асыру барысындағы жеткен жетістіктері туралы айтып, өзекті мәселелеріне тоқталып өтті. Өз кезегінде Орталықтың өкілдері өз ұсынымдарын беріп, қажетті қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.
Гранттық жобаларды сәтті жүзеге асырудың маңыздылығын талқылаған тараптар жедел әрі уақытылы ақпаратпен бөлісіп отыруға уағдаласты.