«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурсы шеңберінде сараптама комиссиясын құруға қатысуға шақырады
Орталық «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттар беруге конкурс өткізуді жоспарлап отыр.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау туралы қағидаларының 22-тармағына сәйкес сараптама комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» ҚР Заңының 5-бабының 1-тармағында (бұдан әрі – Заң) көзделген салалар бойынша кездейсоқ әдіспен құрылатын болады.
Орталық 2023-2025 жылдарға арналып бекітілген сарапшылар тізілімі қатарынан сараптама комиссиясын қалыптастыруға қатысуға шақырады.
Мемлекеттік гранттар беру салалары (Заңның 5-бабына сәйкес):
1) Азаматтық қоғамның дамуына, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу;
2) Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу.
Сараптама комиссиясының мүшелері 2024 жылға арналған гранттар тізбесі бойныша кездейсоқ сандар генераторы әдісімен іріктеледі.
Мекенжай және байланыс ақпараты
Үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде сараптама комиссиясын қалыптастыру 2024 жылғы 30 мамырда сағат 17.00-де мына мекенжай бойынша өтеді: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, зд. 11/5, 5 қабат, 502 кабинет.
Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Орталыққа келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады: +7 7172 79 04 31.