Орталық сараптама комиссиясын құруға қатысуға шақырады

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ 2023-2025 жылдарға арналған бекітілген сарапшылар тізілімі қатарынан үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс бойынша сараптамалық комиссияны қалыптастыруға қатысуға шақырады.
Үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурсты өткізу үшін «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрлігі» ММ министрінің «Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы бекіту туралы» 2025 жылғы «06» қаңтардағы №1-НҚ бұйрығы негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және тиімділігін бағалау қағидаларының 22-тармағына сәйкес сарапшылар комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» ҚР Заңы 5-бабының 1-тармағында көзделген «Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау» және «Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу» бағыттары бойынша кездейсоқ әдіс (кездейсоқ сандар генераторын пайдалану) арқылы құрылатын болады.
Мекенжайы мен байланыс ақпараты
Үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде сараптамалық комиссияны қалыптастыру 2025 жылғы 10 ақпанда сағат 18.00-де келесі мекенжайда өтеді: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 11/5, 5-қабат, 502 кабинет.
Қосымша ақпарат пен түсініктемелер алу үшін орталыққа келесі телефон бойынша хабарласуға болады: +7 7172 79 04 31.