«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «Атырау облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» ММ-ның үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурсы шеңберінде сараптама комиссиясын қалыптастыруға қатысуға шақырады
Орталық «Атырауоблысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» ММ-ныңүкіметтік емес ұйымдарғамемлекеттікгранттар беруге арналған конкурсынөткізудіжоспарлап отыр.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау туралы қағидаларының 22-тармағына сәйкес сараптама комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» ҚР Заңының 5-бабының 1-тармағында (бұдан әрі – Заң) көзделген салалар бойынша кездейсоқ әдіспен құрылатын болады.
Орталық 2023-2025 жылдарға арналып бекітілген сарапшылар тізілімі қатарынан сараптама комиссиясын қалыптастыруға қатысуға шақырады.
Мемлекеттік гранттар беру саласы (Заңның 5-бабына сәйкес) – «Мәдениет пен өнерді дамыту».
Сараптама комиссиясының мүшелері 2024 жылға арналған гранттар тізбесі бойынша кездейсоқ сандар генераторы әдісімен іріктелетін болады.
Мекен-жайы және байланыс ақпараты
Үкіметтік емес ұйымдарүшінмемлекеттікгранттар беруге арналғанконкурсшеңберіндесараптамалықкомиссиянықалыптастыру2024жылғы 06тамызда сағат 17.00-деАстана қаласы,Қабанбайбатыр даңғылы,.11/5, 5-қабат,502-кабинет мекенжайы бойынша өтеді.
Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Орталыққа келесі телефон номері арқылы хабарласуға болады: +7 7172 79 04 31.