Орталық қызметкерлері SOCIEUX+ бағдарламасы бойынша оқудан өтті

Жарияланған күні: 23.08.2023


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының тәуелсіз сарапшылары мен қызметкерлеріне оқудан өткені туралы сертификаттар табысталды. Оқуға барлығы 22 адам қатысты деп, хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.

Socieux + халықаралық бағдарламасының техникалық көмегі шеңберінде тәуелсіз сарапшылар мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қызметкерлері үшін ҮЕҰ гранттық қаржыландырудың тиімділігін мониторингтен өткізу және бағалау рәсімдерін жетілдіру жөніндегі оқыту аяқталды.
Оқыту тренингтері гранттық өтінімдерді бағалау және сарапшылар тізіліміне кандидаттарды іріктеу жөніндегі орталық қызметкерлері мен тәуелсіз сарапшылардың білімін өзектендіруге бағытталған.

Бес күндік оқыту барысында курс тыңдаушылары үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландырудың румын және португал модельдерімен танысты, еуропалық жаттықтырушылармен өтінімдерді бағалау және іріктеу саласында тәжірибе алмасты, өтінімдерге шағымдану, тәуекелдерді басқару және бағалау парағын толтыру мәселелерін талқылады.

Шара соңында қатысушылар өтінімдерді бағалау және тәуелсіз сарапшыларды іріктеу рәсімдерін жетілдіру бойынша бірқатар ұсынысты әзірледі. Тренингтердің барлық қатысушыларына оқудан сәтті өткені туралы сертификаттар табысталды.