Жарияланған күні: 30.10.2023
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында Республика күніне орай қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.
Мемлекеттік наградалармен Орталықтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері Серғали Жарылғасов, Даму және ынтымақтастық департаментінің директоры Айгерим Каримова марапатталды.
Осылайша, Даму және ынтымақтастық департаментінің директоры Айгерим Каримоваға «Ерен еңбегі үшін» медалі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің комплаенс-офицері Серғали Жарылғасовқа «Еңбек ардагері» медалі табысталды.
Сондай-ақ, Операциялық қызмет департаментінің директоры Ғалымжан Балтаев ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасымен, Ішкі аудит қызметінің басшысы Әлия Хасенова Министрдің Алғыс хатымен марапатталды.
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының командасы әріптестерін лайықты марапаттарымен құттықтайды.