Орталық қызметкерлері марапатталды

Жарияланған күні: 20.03.2023


Наурыз мейрамы қарсаңында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ведомство қызметкерлері мен министрлікке бағынысты ұйымдардың қызметкерлері мен БАҚ өкілдеріне алғыс хаттарын табыстады деп, хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.

Тәуелсіз еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің атынан марапатталғандардың арасында Орталықтың корпоративтік хатшысы Салтанат Аленова мен Операторлық қызмет департаментінің бас менеджері Мирас Шалабаев бар.