Жарияланған күні: 06.02.2024
«Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен 2024 жылға Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысушылар отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу, сондай-ақ білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мақсаттарға қол жеткізу салаларындағы жобаларын ұсына алады.
Мемлекеттік гранттар ұсынылатын басым бағыттар мыналар:
- аймақтағы мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарында кадрлардың біліктілігін арттыру;
- өңірдегі білім беру саласындағы озық тәжірибелер бойынша кешенді ақпараттық жұмыс жүргізу;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- облыстағы мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары арасында отбасылық және ұлттық құндылықтарды қалыптастыру;
- кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу;
- жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қалыптастыру және дамыту.
Оператор өтінімдерді 7-27 ақпан аралығында (Астана уақыты бойынша) сағат 18:30-ға дейін қабылдайды.
Конкурстық өтінімдер grants-mangystau@cisc.kz электрондық поштасы арқылы, сондай-ақ қолма-қол/пошта жөнелтілімімен келесі мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, 5 қабат, 504/1 кабинеті.
Конкурс жеңімпаздарын тәуелсіз сараптама комиссиясы анықтайды.
Толық ақпаратпен және конкурстық құжаттама бойынша ақпаратты мына жерден, сондай-ақ менеджерлерден алуға болады: +7705 247 47 22, +7 7172 79-08-03