Жарияланған күні: 28.07.2021

⠀
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы Лима Диастың айтуынша, Орталық “Samruk Kazyna Trust” әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен “Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту” қорының қолдауымен биылғы жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында үкіметтік емес ұйымдар үшін 30 шағын грантты (әрқайсысы 1 200 000 теңге көлемінде) жүзеге асырады.
⠀
«Бұл гранттар – мұғалімдердің білім беру процесін жақсартуға, ауылдық мектептердегі оқушылардың білімін жан-жақты дамыту жөніндегі бастамаларын іске асыруға бағытталатын болады.
Орталық осы шағын гранттар беру үшін ҮЕҰ арасында конкурс жариялайды. Сондай-ақ сыйлыққа қатысушы педагогтармен бірлесіп гранттардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді»,- деп атап өтті Л.Диас.
⠀
Осылайша, мұғалімдер мен қоғам белсенділері арасындағы бірлескен тиімді ынтымақтастығы арқылы орта білім беру мекемелерін дамыту, сондай-ақ азаматтардың жаңа бастамаларын қолдау үшін жағдайлар жасалатын болады.