Орталық Азиядағы әлеуметтік инновациялар

Жарияланған күні: 08.08.2021


Еуразия қоры АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын бес жылдық Орталық Азиядағы әлеуметтік инновациялар бағдарламасы шеңберінде әлеуметтік идеяларды акселерациялау үшін (ӘИА гранттары; SI Accelerator Grants) гранттар алуға өтінімдер конкурсын жариялайды. Гранттың ең жоғары сомасы ұзақтығы алты айдан он екі айға дейінгі жобалар үшін 10 000-нан 15 000 АҚШ долларына дейін құрайды.
Конкурстың мақсаты: ӘИА гранттары бүкіл өңір бойынша әлеуметтік, экономикалық немесе экологиялық дамуға ықпал ететін қолданыстағы және табысты іске асырылған жобаларды қайталауда немесе кеңейтуде Қазақстанның перспективалы жас көшбасшыларын қолдауға арналған.
Конкурстың шарттары: Қазақстанның жастар басқаратын немесе жастарға бағытталған миссиясы бар ҮЕҰ мен бастамашыл топтар өтінім бере алады.
Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2021 жылғы 31 тамыз
Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша табуға болады: https://bit.ly/3AnKCmQ