Жарияланған күні: 26.04.2021
Құрметті достар және серіктестер!
Бүгіннен бастап Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының жаңа кеңсесі Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/3 мекен-жайындағы “Нұрлы Орда” бизнес орталығы ғимаратына көшті.
Енді Орталық жаңа “open space” форматында жұмыс істейтін болады. Бұл Орталықты одан әрі кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер беретін АБҚО дамуындағы кезекті кезең. Жаңа кеңсе біздің серіктестерімізге және грант алушылармызға бұрынғыдан да ыңғайлы кездесу алаңына айналады деп сенеміз.
Сондай-ақ, Қазақстанның Азаматтық Альянсы және Ұлттық еріктілер желісі біздің жаңа кеңседегі көршілеріміз. Олармен бірге жаңа кеңсе қабырғасында “ҮЕҰ үйі” ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, бізде азаматтық белсенділер мен ҮЕҰ үшін ресурстық орталық өз жұмысын бастады және көпшілікке арналған дәріс өткізетін (лекторий) орын ашылды.
Біздің жаңа кеңсемізде – сіздерді үшін қашанда қуанышпен қарсы аламыз!
Маска режимін қатаң сақтауды сұраймыз.
Сізге ыңғайлы болу үшін біздің сайттың “Байланыс” бөлімінде жол сызбасы орналастырылған.