өтінімдерді қарастыру нәтижелерінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ

     2022 жылғы арналған Үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік грант беруге арналған конкурс шеңберінде хабарландыру талаптарына сәйкестігіне

өтінімдерді қарастыру нәтижелерінің

ҚОРЫТЫНДЫСЫ

 

Жобаларды басқару департаменті «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Орталық) 2022 жылғы 21 сәуірде жарияланған үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) арналған мемлекеттік грант беруге арналған қайта конкурстың нәтижелері бойынша 9 ҮЕҰ-дан  9 өтінім, оның ішінде мемлекеттік тілде – 1 ҮЕҰ-дан 1 өтінім, орыс тілінде – 8 ҮЕҰ-дан 8 өтінім келіп түскенін хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 23 мамыр Нұр-Сұлтан қ.уақытымен сағат 18-30-де аяқталды.

Ағымдағы жылғы 30 мамырда өтінімдердің хабарландыруда көрсетілген талаптар мен шарттарға, оның ішінде тақырыпқа, мақсатқа, міндеттерге, іске асыру мерзіміне, қамтитын аумағына, бөлінген қаражат көлеміне, жобаны іске асырудан күтілетін нәтижеге сәйкестігіне тексеру аяқталды.

Мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру бойынша жобалық кеңсенің қызметкерлерімен келесі жұмыстар жүргізілді:

1) өтінімнің Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін қарастыру;

2) өтінімдердің Гранттар жоспарында көрсетілген талаптар мен шарттарға, оның ішінде тақырыпқа, мақсатқа, міндеттерге, іске асыру мерзіміне, қамтитын аумағына, бөлінген қаражат көлеміне, жобаны іске асырудан күтілетін нәтижеге сәйкестігіне қарастыру;

3) ҮЕҰ дерекқорында мәліметтердің болуын тексеру;

4) грант тақырыбы мен өтініш берушінің Жарғысындағы мақсаты мен қызметі арасындағы сәйкестікті тексеру.

Хабарландыру талаптары мен шарттарына сәйкестігіне тексеруден өткен өтінімдер конкурстық комиссия мүшелеріне бағалау жүргізуге жіберілетін болады.

Хабарландырудың 2-тармағына сәйкес мынадай жағдайларда Орталық конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді:

1) өтінімдердің Гранттар жоспарында көрсетілген талаптар мен шарттарға, оның ішінде тақырыпқа, мақсатқа, міндеттерге, іске асыру мерзіміне, қамтитын аумағына, бөлінген қаражат көлеміне, жобаны іске асырудан күтілетін нәтижеге сәйкессіздік;

2) өтінім Гранттар жоспарында көрсетілген талаптар мен шарттарға, яғни, тақырыбы, мақсаты, міндеттері, іске асыру мерзімі, қамтитын аумағы, бөлінген қаражат көлемі, іске асырудан күтілетін нәтижесі сәйкес келмесе;

3) заңның 6-1-бабының 3-тармағы бойынша Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер болмаса;

4) грант тақырыбы мен өтініш берушінің Жарғысындағы мақсаты мен қызметі арасындағы сәйкессіздік.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты келесі мәселені қарастыруды сұраймын.

Хабарландырудың талаптары мен шарттарына сәйкес келмеуіне байланысты төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік емес грант беру конкурсына қатысудан бас тарту туралы:

 

р/н Тақырып №

 

Тақырыбы ҮЕҰ атауы Анықталған сәйкессіздіктер Ескертпе
1 1 «Жас журналистер мектебі» жобасын жүзеге асыру «Педагогикалық Ғылымдар Академиясы» Қоғамдық бірлестігі Гранттар жоспарында көрсетілген талаптар мен шарттарға, оның ішінде тақырыпқа, мақсатқа, міндеттерге, іске асыру мерзіміне, қамтитын аумағына, бөлінген қаражат көлеміне, жобаны іске асырудан күтілетін нәтижеге сәйкессіздік  
1 1 «Жас журналистер мектебі» жобасын жүзеге асыру  «Green

Help» Қоғамдық бірлестігі

Гранттар жоспарында көрсетілген талаптар мен шарттарға, оның ішінде тақырыпқа, мақсатқа, міндеттерге, іске асыру мерзіміне, қамтитын аумағына, бөлінген қаражат көлеміне, жобаны іске асырудан күтілетін нәтижеге сәйкессіздік  
1 1 «Жас журналистер мектебі» жобасын жүзеге асыру» «Shara» Эко креативті-әлеуметтік шеберханасы» Жеке қоры» Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер болмаса  
1 1 «Жас журналистер мектебі» жобасын жүзеге асыру» «Sovet адам капиталын дамыту қоры» Жеке қоры Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер болмаса  

Осылайша, барлық рәсімдерді аяқтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия мүшелерінің қарауына 5 ҮЕҰ-дан 5 өтінім жіберіледі:

 

пп № темы Тақырып атауы Өтінімдер саны
1 1 «Жас журналистер мектебі» жобасын жүзеге асыру 5

 

Жобаларды басқару

департаментінің директоры                                                                       А.Галимова